Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
8
USD
427
+0.77
EUR
498
+4.39
RUB
6.02
+0.05

Оңтүстік Қазақстанда бес жасар баланы ұрлағандар 7 жылға сотталды

Қазіргі таңда екі әйелде де айыпты деп танылып отыр. Олар 7 жылға сотталып, жазаларын жалпы режимдегі түрмеде өтейді.

Еске салайық, бұл қылмыс 2016 жылдың көктемінде болған еді. 29 наурыз күні кешке Түлкібас аудандық ішкі істер бөліміне ауылдағы учаскелік инспектордан суыт хабар келіп түседі. Тәртіп сақшысы Састөбе аулында 5 жасар баланың жоғалып кеткенін мәлімдейді.

Оқиға орнына тез арада жеткен жедел-тергеу тобы сағат 17:30 шамасында 2011 жылы туған балақай ойын қуып, үйінен шығып, қайта оралмағанын анықтаған.

Жедел іздестіру іс-шараларын жалғастырған полицейлер санаулы сағаттардан соң жоғалған баланы көрші ауылдағы күдіктінің үйінен тапты. Бүлдіршінді алып кеткен 30 жастағы Түлкібас ауданының тұрғыны болып шықты.

Тәртіп сақшылары баланы дені сау, ешбір зақым келмеген күйде ата-анасына табыстады. Жоғалған баланың ата-анасы Түлкібас ауданының полицейлеріне кәсіби шеберліктері үшін алғыс айтты.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз