Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті биылғы дәстүрлі мерекенің Астананың жиырма жылдығына тура келіп тұрғанын атап өтті.

“Жиырма жыл деген тарих үшін бір ғана қас-қағым мезгіл. Бүкіл үлкен дүниеде екі ғасырдың тоғысында иен далада Астана орнатқан жалғыз ел ол – Қазақстан.

Сол жиырма жылдың ішінде бүкіл Қазақстанымызды паш еткен, неше түрлі дүниежүзілік жиналыстарды өткізетін жер болған, құрметтейтін, өзіміздің қуанышымыз болып саналатын Астанамызға міне, жиырма жыл. Осы жылдың ішінде істеген шараларымыздың барлығы біздің желбіреген көк туымыздың астында өтіп жатыр. Қазақстан, Тәуелсіздік, Астана – үш ұғым бірдей.

Біздің жалғыз отанымыз бар, ол – Қазақстан. Біздің орындалған арманымыз ол – Тәуелсіздік. Біздің ешкімнің туына ұқсамайтын көк туымыз бар. Ол БҰҰ-дан бастап барлық шетелдегі елшіліктерімізде, өзіміздің әр уақыттағы шараларда көтерілетін ту. Сондықтан туды құрметтеу – сүю дегенменен бірдей.

Біздің туымыз болашаққа бастайтын алдымызда көтерген тузымыз. Ата-бабаларымыз жорыққа аттанарда батырларға “туың қисаймасын” деген бата беретін болған. Ол дегеніміз өте үлкен бата, ту елдікпенен бірдей. Сондықтан біз жылда дәстүр бойынша осы күні ту көтереміз.

Дәл осы мерекеде әскери жоғары университеттерді бітірген жас ұландарға ең бірінші әскери офицерлік шен тапсырайын деп отырмыз”, – деді Елбасы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз