Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Нұрсұлтан Назарбаев бас прокурорды қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жөніндегі жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстандағы сотталғандар саны 35 пайызға азайғанын айтты.

Бас прокурор Мемлекет басшысына қылмыстық процесті реформалау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімдеп, осы іс-қимылдардың нәтижесінде еліміздегі жалпы қылмыстық істер өткен жылмен салыстырғанда 10 процентке кемігенін атап өтті.

“Прокуратура органдары тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін жүйелі шаралар қабылдануда. Биылғы алты айдың ішінде еңбек құқықтарының сақталуы, жер қатынастары, тарифтік заңнама салаларына тексеру жүргізілді, нәтижесінде үш миллионнан аса азаматтың құқықтары қорғалып, қайта қалпына келтірілді”, – деді Қайрат Қожамжаров.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз