Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

Нұр-Сұлтанда жастарға арналған пәтерлерді алуға өтінімдер қабылданады

Дереккөзі: ubr.ua

Өтінімдер қала әкімдігінің ресми сайты арқылы қабылданады және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылуы тиіс. Бұл туралы елордалық Тұрғын үй қоры хабарлады.

«Қошқарбаев көшесі мен Қордай даңғылының, сондай-ақ Абылайхан мен Момышұлы көшелерінің қиылысындағы пәтерлер беріледі. Олар 31-ден 47 ш. метрге дейінгі, бір бөлмелі пәтерлер, —

деген Қордың ресми өкілі Арманай Қабдешевтің сөзін inform.kz келтіреді. —

Бағдарламаға оның негізгі шарттарына сәйкес келетін жастардың барлығы қатыса алады: соңғы екі жылда меншік құқығында тұрғын үйі жоқ (ерлі-зайыптылар мен балалардың да мүлкі болмауы тиіс), ҚР-да ресми жұмыс істейтін және соңғы 6 айда кемінде 40 АЕК (111 мың) теңге табысы бар ҚР 29 жасқа дейінгі азаматы. Сондай-ақ, соңғы екі жылда тұрақты тіркеуі болуы қажет.

Осы негізгі шартқа сай жастар бағдарламаға қатысуға өтініш бере алады. Кезекке тұрудың қажеті жоқ».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз