Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ниццада теракт жасаған жүргізушінің ислам дініне еш қатысы жоқ

Тунистің тумасы 31 жастағы Мохамед Лауэеж Булел Ниццаның тұрғыны. Ол тасымал қызметінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. Булелдің үш баласы бар екен.

Лаңкестің немере інісі Мохаммедтің әсіре ислам дінін ұстанбағанын айтқан.

“Керісінше, ол ішімдік ішіп, шошқа етін жеп, есірткі қабылдайтын. Мешітке де барған емес, намаз оқымаған, әйелін жиі ұрып-соғатын”, – дейді жергілікті басылымға берген сұхбатында лаңкестің туысы.

Ал Мохаммед Булелдің көршілері оны жалғыз әрі момын адам ретінде сипаттапты. Жоғары қабатта тұратын отбасы оның тіпті сәлемдеспейтінін айтқан. Тағы бір көршісі Булелдің: “Бір күні мен туралы естисіздер” деген сөзін еске алған.

Ал құқық қорғау органдары Мохаммед Булелдің радикал көзқарастардың ұстанымын ұстанатыны жайлы мәліметтің жоқ екенін хабарлады.

Айта кетейік, 14 шілдеде кешкі уақытта жүк көлігі Бастиллияны алу күніне орай отшашуды көруге жағалауға жиналған адамдарды жапырып, басып өткен. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі тоқтамастан, арлы-берлі жүріп, адамдарды екі шақырым бойына кеглдің тас добы құсап жапырып жүрген. Оқиға орнында жүк көлігінің жүргізушісінің көзі жойылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз