Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

«Ninety one» әншісі: “Біз сіздерге ештеңе істеген жоқпыз ғой” (видео)

 Ninety one тобының әншісі Бала топтың концерт өткізуіне кімнің қарсы шығатынын білгісі келетінін, алайда әлі күнге дейін ол сұрақтың жауабын таба алмағанын айтты.

«Неше түрлі нәрселер болып жатыр. Оның бәрі не үшін деп өзіме сұрақ қоямын. Әлі күнге дейін жауабын таба алмай жатырмын. Жан-жақтан адамдар айтады: мүмкін сырғаның кесірі, мүмкін шаштың кесірі шығар деп. Бізге рұқсат бермей жатқандар кім? Түсінетін адамдар түсінеді. Ал түсінбейтін адамдар сол дұрыс дейді. «Сырға тақпаңдар, шашты боямаңдар» дейді. Неге? Біз сіздерге ештеңе істеген жоқпыз. Біз сіздерді үлкен деп құрметтеп, ешқандай сөздеріңізге қарсы шыққымыз келмейді. Бірақ сонда да осындай нәрселер болып жатыр. Бірақ біз оған мойымаймыз. Осындай ойларға бататын кездерім 2-ақ минут шығар. Одан кейін ағаларыма барып, қалжыңдарымды айтып, олардың көңілін көтеріп, әрдайым қуантып жүруге дайынмын. Сол үшін Eaglez, біз сіздермен әлі ұзақ уақыт бірге боламыз», – деді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін атышулы топтың бірнеше қалада (Ақтөбе, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда) концерті өтпей қалған еді. Тұрғындар аталған топтың имиджінің қазақ сахнасына сай келмейтінін, жастарды теріс бағытта тәрбиелейтінін айтып шағымданған-ды.

https://www.youtube.com/watch?v=H3pGdd2wcm4

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз