Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
17
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

«Невада-Семей» қозғалысының «Жастар қанаты» құрылды

167

Қазақ жерінде алғашқы ядролық қару 1949 жылы сыналды. Халқымызға өлшеусіз қасірет әкелген бұл зобалаң 1989 жылға дейін жалғасты. Оның жабылуына бірден-бір ықпал еткен «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы және оның бастамашысы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов болды. Енді Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде осы ұйымның жастар қанаты құрылды.

Олжас Сүлейменов, ақын, қоғам қайраткері:

– Мен Қарағанды университетінде осындай жастар ұйымының бар екенін білемін. Жастардың ынта-жігері қуантады. Біз оларға өзіміздің ақыл-кеңесімізді беріп, тәжірибемізді үйретуіміз керек. Жер бетінде ядролық қару барда, антиядролық қозғалыс та тоқтамайды.

Гүлжанат Танабекова – Қазақ ұлттық университетінің магистранты. Ол география факультетін тәмамдап, ғылым жолын таңдапты. Еліміздегі экология мен табиғатты қорғау тақырыбында бірнеше зерттеу еңбектерін жазған. Семей ядролық сынақ полионы туралы көп оқыған. Білімді жас енді университет жастарынан құралған «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалысының «Жастар қанатына» жетекшілік етеді.

Гүлжанат Танабекова, «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалысы «Жастар қанатының» жетекшісі:

– Біздің алға қойып отырған мақсаттарымыз көп. Соның бірі қоғамдық және ғылыми зерттеу жобалары болып табылады. Біздің зерттегіміз келетіні – сол полигондағы әртүрлі жерді, топырақты, суын, атмосферасына экологиялық мониторинг жасау.

«Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының «Жастар қанатына» осы университетте білім алатын 15 жас алынды. Олар болашақ физик, биолог, эколог мамандар. Жастар қазірден бастап бұл қозғалыстың басты идеяларын насихаттап, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізбек.

cb6aec280fd967560b684da16d8dc5e0_l

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз