Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Несіне жетіседі?”. Бес жасар қызының қылығын видеоға түсірген ана желіде қызу талқылануда (видео)

444

Аталмыш видеоны қыздың анасы түсіріп тұрғандығы байқалады. Қыздың ұлты қазақ, ұл орыс. Мына жайтқа күле қарап тұрған анасын көргенде, бұл қылығын кішкентай баласы дұрыс деп бағалап тұрған шығар.

 

Кішкентайлардың бұл қылығы жұрттың ашуын келтіргендігі рас. Жағымсыз пікірлерін жаудыртып жатты:  “Анасы өзіне пиар жасап, жұртты күлдіру үшін түсіріп тұрғаны анық. Ал сонда тәрбие мәселесі қайда қалды? Меніңше, бұл артықтау. Қолдан ұстау бір бөлек, сүйісу бір бөлек әңгіме. Анасының санасы жоқ па? Түсінбедім”, “Анасы не деген ақымақ еді. Мұны видеоға түсіргені несі”, “Балам жоқ болса да, олардың болашағы үшін алаңдаймын”, “Бір күні балаларының төсектес болып жатқанын түсіретін шығар”, “Балалар, расымен де, бізге қарап өседі” деп жазады желідегілер.

 

Қызға бұл қылығын анасы үйретпеген болар. Барлығы да желіден көрген-білгеннің әсері.” Құлағымыз тынышталсын” деп бере салатын ұялы телефонды қадағаласаңыздар деймін. Құлақ тынышталғанымен, кейін жүрек тынышталмайтын жағдайға жетерміз.Кім біледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз