Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
15
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

“Неге өйтті?..”. Димаштың отбасымен кездескен шетелдік фанаттар қанағаттанбай қалды (фото)

111

Кездесуге әншінің әкесі мен анасы, ата-әжесі, нағашы әжесі, барлық бауырлары еріп келген. Сұқбаттасуда Димаш “бұлар да менің отбасым” деп фанаттарының ортасында отырып әңгімелесуді қалады.

Әлемнің бірнеше елінен келген фанаттар Димаштың тәрбиесіне, болашақ жоспарларына қызығушылық танытты.

https://kaz.365info.kz/dimashtaj-bala-tarbielegen-ajtbaevtar-merejli-otbasy-bajkhauynyn-zhenimpazy-atandy-316562

“Димаштың өнерімен жеті айдан бері таныспын. Оның Қытайдағы байқауда айтқан әндерін тыңдап ғашық болдым. Өзімнің екі балам бар. Күйеуім Димашқа ғашық болғаным үшін аздап қызғанады. Бүгін Димашпен кездестім. Оның елін, өзін көргеніме қатты қуаныштымын”, – дейді Польша елінен келген Моника Василевская.

Қазақстандық туризм басшылары әлем елдеріндеріндегі Димаштың фанклуб жетекшілеріне “Ақтөбе-Алматы-Астана” қалаларын тегін аралауға жағдай жасаған. Ал Димаштың қытайдағы фанклуб жетекшісі өткен жылғы әншінің “Бастау”концертіне келу үшін 500 мың теңгеге шығындалғанын айтты.

“Биыл біз ешқандай қаржы шығарған жоқпыз. Жолымыз бен жататын жерімізге дейін Қазақстан көтеріп жатыр. Өткен жылы концертке келу үшін 500 мың теңге жұмсаған болатынмын. Ол сапар жоспарлы түрде болған соң қаражат алдын ала жиналды. Димаштың өнерін қатты жақсы көреміз. Біз біраз қазақша сөз үйреніп алдық. “Салем”, “Мен сені сүйемін” деген сөздерді білеміз”, – дейді қытайдан келген Лью Чанг.

https://kaz.365info.kz/symdykh-eken-singer-zhenimpazy-dzhessidin-ozi-dimashty-korgende-auzyn-ashty-video-315862

Ал АҚШ елінен келген Алиса Келлог Димаштың өнері адам өмірін өзгертіп, әлем елдерін біріктіретінін айтты.

Фанаттар Димаштың сөйлегенін қалайтынын айтып қанша өтінгенімен қойылған сұрақтың бәріне әкесі Қанат Айтбаев жауап беріп отырды. Әншінің басқа байқауларға қатысуына ұсыныстардың барлығы асықпай зерделетіні айтылды.

Димаштың фанаттарымен кездесуіне БАҚ өкілдері алдын ала шақырылған болатын. Кездесу үстінде ұйымдастырушылардан Димаштың анасы тілшілерді шығарып жіберуді өтінген.

“Кешіріңіздер, Димаштың анасы маған қайта-қайта жазып жатыр. Кездесудің жабық өтетінін айтып, тілшілерді шығаруымды сұрады”,

– деді кездесу ұйымдастырушылары.

https://kaz.365info.kz/sary-khyz-dimash-tugan-kharyndasyn-sahnaga-alyp-shykhty-foto-video-313237

Ақтөбедегі облыстық мәслихат депутаты Светлана Айтбаеваның тілшілерді не үшін көргісі келмейтіні түсіндірілген жоқ. Димаштың ата-анасы осыған дейін де БАҚ өкілдерінен балаларын жасырып, тілшілердің наразылығын тудырған балатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз