Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
15
USD
421
-2.14
EUR
499
-0.30
RUB
5.6
-0.04

Не деген зор еді? Әйелін зорлайды, оған қоса өзін ұрғаны үшін айыппұл төлеттіреді

Есіл аудандық сотына жеке айыптау тәртібінде 1993 жылы туылған Д. есімді жігіт 1978 жылғы азаматтың жеңіл дәрежедегі дене жарақатын салғандығы туралы арызданды.

Арызданушының мәлімдемесіне сәйкес, Есіл қаласында 2016 жылғы 21-қазаннан 22-қазанға қараған түні азамат Д. дәмханада оны соққыға жығып, жағынан үш рет тартқан. Сот-медициналық сараптамасы көрсеткендей, А есімді азаматқа жеңіл дәрежедегі дене жарақаты келтірілген. Сотталушы жасалған қылмыстық әрекетті мойындамай, сол түні дәмханаға зайыбын зорлау дерегі бойынша күдіктіні ұстау үшін полиция қызметкерлерімен бірге келгенін айтты. А есімді азамат отырған кабинкаға кіріп, оның қашып кетпеуі үшін ашумен ұстап алмақ болып, басына тиіп кеткен. Бірақ ол соққы жасамағанын алға тартты. Одан кейін оны келушілер ажыратып жіберген. Сотталушының пікірінше, А есімді азамат зорлау кезінде қарсыласқан келіншегінен жарақат алған.

“Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 108-бабымен қарастырылған қылмыстық әрекет жасады деп танып, бұл бап бойынша оған 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 63 мың 630 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалсын”, — делінген Есіл аудандық сотының үкімінде.

Есіл сотында агенттікке хабарлағандай, жеке айыптау тәртібінде сотталған Д есімді азамат процесс барысында адвокат жалдамаған. Сот үкімі заң күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз