Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
13
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Назарбаев: Әлем ұлы ғылыми жаңалықтардың жаңа дәуірі табалдырығында тұр

Осы ретте Қазақстан Президенті әлем ұлы ғылыми жаңалықтардың жаңа дәуірі табалдырығында тұрғанын баса айтты.

«Бүгінде таяу он жылдықта қоршаған әлем мен қоғам өмірі қаншалық түбегейлі өзгеріске ұшырайтындығын болжауға ғана болады. Информатиканың дамуының арқасында жаһандық кеңістік виртуалды желімен барынша мығым жалғана түсуде. Бұл ұлттық, өңірлік және жаһандық даму мәселелерінде жаңа әдістерді талап ететіндігі сөзсіз. Дәл осы жайтқа айрықша назар аударуды талап ететін байыпты сын-қатерлер негізделіп отыр», – деді Назарбаев.

Айта кетейік, халықаралық деңгейдегі шараға әлемнің 50-ден астам сарапшысы, саяси және қоғам қайраткерлері, 21 елдің ғалымдары, сонымен бірге жетекші қазақстандық сарапшылар қатысуда. «Астана» клубы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының жетекші халықаралық ғылыми орталықтар – Қытай қазіргі заманғы халықаралық қатынастар академиясы, Германия сыртқы саясат кеңесі, Ресей халықаралық істер кеңесі және Халықаралық бейбітшілік үшін Карнеги қорымен бірлесіп құрған халықаралық пікірталас алаңы саналады.

«Астана» клубының бірінші отырысы 2015 жылғы қарашада әлемнің 15 елінен келген 47 сарапшының қатысуымен өткен еді. Оның барысында Еуразия геоэкономикасының негізгі аспектілері, ғаламдық және өңірлік ойыншылардың мүдделері, экономикалық қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктер талқыланған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз