Әлеуметтік желіде бір жиында науқастардан ақша жасауға кеңес беріп жатқан басшының видеосы жарияланды.
Бұл видео еліміздің денсаулық саласына деген халықтың сенімін жоятын бір факті болары сөзсіз. Әлеуметтік желіде жаға ұстаған жұрт бұл масқараға бір жауап алғысы келеді. Видеодағы басшының өз қоластындағыларға науқастан қалай ақша жасауға болатынын айтып жатқан кеңестерін сөзбе-сөз келтіре кетелік:
„Дертті анықтаудың барлық түрін қолданыңыздар! ПГС, зертхана, оны көреміз, УЗИ, физио ем және тағы басқасы. Мына кесте толып тұруы керек. Ол үшін Сіздерге ақылы түрде қаралатын науқастар керек. Ол үшін анализдерді жақсылап жинау қажет. Дәрігердің қабылдауына келген адамның қалтасын түгін қалдырмай қағу керек. Басына, миына зақым келді деген диагноз қойыңыз. Анализден әйтеуір бірнәрсені алып шығыңыз. КТ-ға (компьютерлік тормография) жіберіңдер. Невропотологқа қаралуға кеңес беріңіз. Бір сөзбен айтқанда, (ақша қағу үшін) науқастарды әбден айналдырыңыздар!„ деп медқызметкерлердің алдында жиын өткізген мына басшы осылай сарнап отыр.