Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Шын қылмыскерді табыңдаршы…”. Денис Теннің туыстары сенсациялық үндеу жасады

Хабарландыруды олар әлеуметтік желілерде жариялады.

“19 шілде күні таңертең және түсте Құрманғазы-Байсейітова көшелерінің қиылысында тұрған көліктердің иелері хабар берсеңіздер!

https://kaz.365info.kz/basynan-bir-ret-khylmysker-nyrlan-khiyasov-denisti-khalaj-oltirgenin-ajtyp-berdi-324729

Денис Тенді өлтірген қылмыскерлер туралы толыққанды ақпарат жинауға көмек қажет.

Бұл резонанстық істе нағыз кінәлілердің жазаланғаны аса маңызды. Бұл істе ұсақ-түйек еш нәрсе жоқ!

Видеожазбаға түсірілген кез келген дүние маңызды. Автотіркегіштердің барлық жазбасын тағы бір рет мұқият қарап шығуларыңызды сұраймыз.

Кез келген ақпарат үшін алдын ала алғыс айтамыз!

https://kaz.365info.kz/keshirshi-bizdi-zhanalykh-zhyrgizushisi-tikelej-efirde-zhylap-khaldy-video-324723

Анонимділік сақталады. Кез келген уақытта мына нөмірлерге хабарласуға болады: 8702 945 55 99 /8701 999 4701″, — деп жазған үндеудің авторлары.

Денис Тенді өлтіргендердің бірі Құдайбергенов туралы ауылдастары айтып берді

Еске сала кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19-шілде күні Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапты. Оқиға Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында түскі үштер шамасында болған.

Спортшы тұрақта тұрған көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түседі. Арада жанжал басталып, салдарынан Денис Тен пышақ жарақатын алады. Көп қан жоғалтқан ол кешкі бес жарым кезінде ауруханада көз жұмды.

https://kaz.365info.kz/tyk-bolmagandaj-denis-tendi-oltirgen-kydiktilerdin-videosy-pajda-boldy-video-324573

Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті ұсталып, тергеу жүріп жатыр.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз