Бүгін Елорданың және оның қабырғасын қалаған президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні.
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) – тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Туып-өскен жері-Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы ретінде бастаған. Ал 1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына ауысады.
1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.
1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
2011 жылғы Қазақстан Президентінің сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылар дауысының 95%-дан астамына ие болып, айқын жеңіске жетті.
2015 жылғы кезектен тыс Президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылар дауысының 97,75 пайызын жинап жеңіске жетті.
Назарбаевтың дәйексөздері
“Қазақстанның болашағы — Қазақ тілінде.”
“Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз.”
“Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек.”
“Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”
“Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек.”
Ал Астана қаласының Қазақстанның Елордасы ретінде аталғанына биыл 18 жыл толады.
Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол “киелі орын”, “босаға” деген мағыналарға ие. Күні кеше ғана астана тұрғындарының саны 1 млн-ға адамға жетті.
Бүгінгі мерекеге орай Елбасының Ұлытау төріндегі сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.