Қала билігі маймылдарды ұстап, оларды ұрықсыздандыру жұмысын жүргізуде.
Мыңға жуық аш қалған маймыл Тайландтағы Лопбури қаласын басып алды, олар тамақ үшін таласып соғысуда, деп хабарлайды Lenta.ru.
Жаңа коронавирус инфекциясы таралғанға дейін қалаға күн сайын маймылдарды тамақтандыратын жүздеген турист келетін. Наурыз айынан бастап туристер келмегендіктен, жануарлар жейтін азық таппай отыр.
«Туристерсіз олар агрессивті болып, аман қалу үшін адамдармен төбелесуде. Олар үйлерге кіргендіктен тұрғындарды қашып кетуге мәжбүр», — дейді ветеринар Супакарн Каэвчот (Supakarn Kaewchot).
Жергілікті тұрғындар оларды сәл де болса тыныштандыру үшін маймылдарға тәттілер мен тамақ бере бастады. Ал бұл керісінше жануарлардың көбеюіне және адамдарға жиі шабуыл жасауына әкелді.
«Олар көп тамақтанған сайын соғұрлым энергиясы артып… көбейе бастайды», — дейді Пранг храмының қараушысы Йод.
Мамандар жүздеген маймылды ұстап, олардың санын бақылау үшін ұрықсыздандыруда. Бірақ маймылдар өте көп.
Қала билігі маймылдарға арналған резервация құрылысының ұзақ мерзімді жоспарын әзірледі. Рас, тұрғындар тарапынан қарсылық білдіруішілер болуы мүмкін.
«Алдымен осы ауданда тұратын адамдарға сауалнама жүргізу керек. Бұл олардың үйінің алдында қоқыс төгіп, ризасыздар ма, жоқ па деп сұраумен бірдей, — деді жабайы табиғат бөлімінің өкілі.
Дегенмен, кейбір адамдар жағдайға буддистік сабырмен қарауда. Мысалы, Лопбуридегі дүкендердің бірінің иесі мүлкі мен тауарын қорғап қалу үшін күн сайын маймылдармен айқасатынына қарамастан, оларды сағынатынын айтты.
«Мен күнделікті көшеден олардың ары-бері жүргенін, ойнағанын көріп үйреніп қалдым, оларсыз жалғызсырып қалатындаймын», —дейді ол.
Жағдайды өз көзімен көрген куәгерлер түсірген видеодан олардың көшедегі адамдарға тиіскенін, тіпті жол шетінде тұрған баланың маскасын тартып алып, автокөліктерден су ұрлағанын және дүкенге кіру үшін соғысуға дейін барғанын көруге болады.