Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Мынау өзінен кіші ғой”. Айгүл Иманбаеваның желіге салған суреті қызу талқыға түсті (фото)

188
Бұл жолы да актрисаның белгісіз жігітпен түскен суреті оқырмандарының назарынан тыс қалмады деп жазады NUR.KZ.

“Енді құпия ұстай алмаймын. Бұл менің өмірім. Құпиямды айту немесе айтпау өзімнің мәселем”, – деп жазып қойған актриса Instagram парақшасына.

Бұл жазбадан соң актрисаға ақ тілегін жаудырғандар мен сұрақ қоюшылар қатары артқан.

“Бақытты болыңыз”, “Бір басыңыздың екеу болғанын шын жүректен тілеймін”, “Жасырсаңыз да, жасырмасаңызда өмір өзіңіздікі ғой”, “Өзінен кіші сияқты ғой”,  “Тезірек үйленіңіздер енді”, “Бұрын шығып алатын адамсың ғой, жұмбақтап жүрмей” деді тілек білдірушілер.

«Жас жігіт тауып апты…». Айгүл өзі туралы алып-қашпа сөзге қатысты пікір білдірді (видео)

Ал актрисаны сұрақ астына алушылар “Егер рас болса, жас жігіт сияқты ғой?”, “Жігітіңіз өзіңізден 10-15 жас кіші сияқты”, деген сұрақтарын жаудырған.

Айта кетейік, осыған дейін Айгүл Иманбаеваның бояусыз түрі желіде қызу талқыға түскен болатын.

«Мынау сол ма?..». Айгүл Иманбаеваның суреті желідегілерді шошытып жіберді

Сондай-ақ әнші осыған дейін де белгісіз жігіттермен суретке түсіп, артынша парақшасынан өшіріп тастаған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз