Айгүл Иманбаева Сәбитпен ажырасқаннан кейін өзінің жеке өмірін талқылаушылар көбейіп кеткенін айтады. Әсіресе, әлеуметтік желіде неше түрлі алып-қашпа сөздің тууы оның кейде намысына тиеді екен.
Бұл туралы әнші “Ревю” бағдарламасында айтты.
Шетелдік жігітпен бейнебаян түсіріп, сынға ұшыраған әншіге жазылатын теріс пікірлердің көбісі жеке өмірі жайлы екен.
“Халық – ұлық тобыр. Халық керегін алады. Ал тобыр Абайды да өлтірген. Сол себепті мен әр тобырмен үріп отыратын жағдайым жоқ. Мен ешкіммен үріп, айтысып отырмаймын. Тек шектен шығып жатқанда ғана бір жауап бермесем”,
– дейді Айгүл Иманбаева.