Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Мынау кімнің қызы?”. Атақты әншінің қызы елді шулатты

520

Майклдың бірінші ұлы мен қызы екінші әйелі Дебби Роудан туған. Екінші ұлы аты ешкімге беймәлім суррогат анадан туылған.


Көзі тірісінде Майкл балаларын тыңдармандары мен журналистер қауымынан алшақ ұстайтын. Тіпті,ұлтаралық мейрамдарда Майклдың балалары беттерін түрлі маскалармен жасырып шығатын.


Майклдың жалғыз қызы Пэрис Кэтрин Джексон, балаларының ішіндегі ең атақтысы еді. Себебі, бала күннің өзінде қызға әйгілі Элизабет Тейлор мен Маколей Калкиннің келіп, ақ батасын беруі тегін емес еді.


Ата-анасы ажырасқан соң, Пэрис пен оның ағасын Майкл өз қамқорлығына алған. Ол балаларының барлық тілектерін орындап, бала кезде қатал әкесінен көре алмай кеткен мейірімін төккен еді.


Халық Пэристің бет-әлпетін 2009 жылы әкесімен соңғы қоштасу сәтінде көрген еді. Кішкентай қыз Майклды “әлемдегі ең керемет әке” деп атап, көз жасын тыя алмай қалды.


Поп-музыка патшасы өмірден өткеннен соң, оның балаларына деген қамқорлықты туған анасы алған еді. Кейінірек, жиені де Майклдың балаларын қарауға рұқсат алған. Қазір де әншінің балаларын жиені мен анасы қарап отыр.


Қазір атақты әншінің қызы 19 жаста. Қыз көрікті болып жетіліп келеді. Ол ел аралағанды, модель және актер болғысы келеді. Қыз кейде БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, жеке өмірімен бөліседі. Мәселен, 2012 жылы Пэрис Опра Уинфримен сұхбаттасқан болатын.


Әкесі секілді, қыз өз сырт келбетімен түрлі эксперименттер жасағанды ұнатады. Алайда, Майкл секілді түбегейлі өзгеріске әлі барған емес.


Қыздың сырт келбеті жанкүйерлері арасында көп сұрақ туғызары сөзсіз. Тіптен, Пэрис Майклдың қызы емес деген өсектер де пайда бола бастаған. Алайда, қыз әкесі секілді мұндай өсектерді жоққа шығарады.


Төменде Пэристің әкесімен қоштасқан сәтін көре аласыз. Мұндайды көргеннен соң, көзіңе қалай жас толғанын білмей қаласың.

Дерекөз: videoboom.cc

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз