Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Мүмкін емес! Полицейлерге жолда көлік тоқтатуға тыйым салынған ба?

Қазақстандықтар WhatsАpp мессенджерінде жол-полиция қызметкерлеріне ереже бұзушыларды енді тоқтатуға тыйым салынғаны жайлы хабарламалар таратып жатыр.

“Жол-патрульдік полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтыра алмайтын болды. (…) Бүгіннен бастап олар тек өрескел ережебұзушылық болған жағдайда немесе қарсы жолаққа шығып кеткен кезде ғана жүргізушіні тоқтата алады. Басқа жағдайларда тоқтатуға олардың құқығы жоқ”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, мессенджерде аудиожазбалар таралып жатыр. ҚР ІІМ өкілдері бұл хабарламаларды жоққа шығарады.

“Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр”, – деп хабарлады Алмас Сәдубаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз