Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Мұқағалиға араша керек

Содан қазылар арасында дау туды. Бәрі жаңағы бозбаланы жақтады: «Өлең оқуы керемет. Бас бәйгені соған берейік». «Бас бәйгеңіз не, бұл жігітті сайыстан алып тастау керек. Не оқып тұрғанын білмейді ғой…» — дедім мен. Жаңа танылып келе жатқан ақын жігітке бүйрегім бұрып еді. Бірақ өзгелер қарсы болды. Театр жағындағы бауырымыз мынадай уәж айтты: «Жас бала, болашақта қателігін жөндейді. Республикалық сайысқа осы жігітті жіберейік. Мына дауыспен топ жарары анық…». Зал шулап кетті. Қостағаны. Ана бала да сахнада тұрып, Мұқағалидың кітабын оқуға уәде берді…

…Екі-үш жылдан кейін әлгі батырымыз сахнадан өлең оқыды. Тағы да… «Мұқағалидың өлеңін». Тырнақшаға алып отырғанымнан-ақ байқаған шығарсыздар, тура екі-үш жыл бұрынғы «өлеңді». Күйіп кеттім. Өзгермепті. Кейін де талай сахнаның «шаңын қаққаны» хақ…

Қазір осылай оқылатын «Мұқағалидың өлеңі» көбейді. Кейбіреуін тыңдап отырып ұлы ақынды аяйсың…

«Ағытшы КӨЙЛЕГІҢНІҢ түймелерін…» — деген әнді де шімірікпей тыңдай беретін болдық.

«Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған…» дейтін әнге айналған сөзінің де жұлым-жұлым бірнеше нұсқасы бар…

Меніңше, бұған тоқтау салу керек. Әйтпесе, ақынға обал.

Мұқаңның туған күнінде еске түсіп жатқан ой ғой…

 

Бауыржан Бабажанұлы

Фейсбуктегі парақшасынан

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз