Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
10
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Қазақстанда су үнемдеу үшін күріш алқабы 20 мың гектардан астамға қысқарды

Қазіргі таңда егіс алқаптары 2026 жылға арналған белгіленген шектерге сәйкес бекітілді. Атап айтқанда, күріш егістігі 20,2 мың гектарға қысқартылды. Оның ішінде Қызылорда облысында – 10,9 мың, Түркістан облысында – 7,4 мың, Алматы облысында – 1,9 мың гектарға азайды.

Сонымен қатар су пайдаланудың тиімділігін арттыру бағытында жүйелі шаралар қабылдануда. Мақта алқабының жалпы көлемі 162,4 мың гектар деңгейінде сақталғанымен, суару тәсілдері едәуір өзгерді. Тамшылатып суару алаңы 29,8 мың гектарға ұлғайып, 79,8 мың гектарға жетті. Ал дәстүрлі суару әдістері 12 мың гектарға қысқарып, 82,6 мың гектарды құрады. Бұл өз кезегінде су шығынын азайтып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Вегетациялық кезеңнің өту барысы Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары және ирригация министрліктерінің, сондай-ақ өңірлік әкімдіктердің тұрақты бақылауында. Су жеткіліктілігі мен егіс жағдайына жедел мониторинг жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз