Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Мөлдір Әуелбекова: “Топырлатып туғым келеді”

234

Күні кеше ғана ұлын қырқынан шығарған Мөлдір Әуелбекова жаңа бейнебаян үшін Астанадан Алматыға арнайы ұшып келіпті. Түсірілім біте салысымен тұңғышыма асығып барамын деп жүгірді. Әзірге кішкентай Салтайға үйдің үлкендері қарап отыр екен.

“Мен қазір бейнебаян түсіріп жатқан ән бір жыл бойы өңделді. Сәбиіме қазір екінші анам қарап жатыр. Ол кісі талай немере мен шөбере баққан. Ол кісіге сәбиімді үлкен сеніммен қалдырып кеттім. Үйдің алғашқы бөпесі – ата-әженің баласы”, – дейді Мөлдір Әуелбекова.

Әнші үлкен сахнаға оралудың да оңай болмайтынын біліп отыр. Тығыз жұмыс кестесіне де үйрене алмай жүрген-ді. Ол уақытының көп бөлігін бөпесіне арнайды екен. Түсірілім алаңына толыққанды дайындықпен келмегенін жасырып отырған жоқ. Тіпті, би қимылдарын әнші түсірілім алаңында үйренген.

“Декреттік демалыстан кейін бірінші рет жұмысқа шығып тұрмын. Қазір аз уақыт ішінде қатты шаршап қалып жатырмын. Отырсаң, отыра береді екенсің. Күйеуім тіршілікке үйренген адам болғандықтан, бір жылдың көлемі білініп жатыр. Маған биді екі күн бұрын WhatsApp желісі арқылы жіберді. Сол биді айнаға қарап отырып үйрендім. Арасында бөпемді ұйықтатып отырып көзбен жаттадым. Әлі дайындық болған жоқ. Қазір кішкене дайындаламыз. Маған өзімнің жаңа образым ұнап жатыр. Бұл – тек бейнебаянға арналған образ. Үйде де, сахнада да мұндай киімдермен жүрмеймін. Соңғы кезде артық салмақтан арылуға қатысты сұрақтар көп қойылып жүр. Әсіресе, желіде. Мен табиғи арықпын. Мысалы, менің әпкем Меруерттің төрт балас ы бар.  Бірақ сырт келбеті мектеп оқушысына ұқсайды. Бір жарым аптада өз қалпыма келдім. Көбінесе босанған әйелдің іші қалып қалып жатады. Сондай болады деп ойладым. Құдайға шүкір, жолым болды. Диета ұстаған жоқпын. Диета ұстайтындай жағдайда емеспін. Сүт құнарлы болуы үшін тамақ жеймін”, – дейді әнші.

Соңғы кезде Мөлдір Әуелбекова кең көйлек киюді әдетке айналдырған. Әлеуметтік желідегі оқырмандарының бірі әншінің демалыстан шығып, сол демалысқа оралуы мүмкін деп болжады. Ал басқалары мұны Мөлдірдің келін, ана атануымен байланысты өзгеріс деп жазды.

“Қыз баласы үнемі жасым 18-де деп жүре береді ғой. Мен асығыспын. Өзім отыз жасқа келіп босандым. Бірақ ертесінде-ақ тағы да сәбилі болғым келетінін айттым. Алла денсаулық беріп жатса, көпбалалы болғанға не жетсін?! Кем дегенде бес бала босанып үлгерсем деген үмітім, арманым бар”, – дейді ол.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз