Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Министр Дәурен Абаев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Сіздер – республикалық басылымдар мен телеарналар қызметкерлерінен бастап, Қазақстанның әрбір елді мекеніндегі байланысшылар мен пошташылар ел игілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келесіздер.

Бүгінде біз жаһандық даму көшінен қалмай төрткүл дүниедегі оқиғалардан дер кезінде хабардар болып отырсақ, ол ең бірінші сіздердің арқаларыңызда жүзеге асуда. Дос-жараннан, туған-туыстан, ағайыннан жылдам хабар алғызып, алысты жақындатып отырған да – сіздер

Осынау мерейлі мерекеде Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, кәсіби жетістік, отбасыларыңызбен жақын-жуықтарыңызға жақсылық тілеймін!„ делінеді министрдің жазбасында.

Бүгін, 28 маусымда Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр. Бұл мереке бастапқыда Журналистика күні деп аталып, Қазақстанда 10 мамырда атап өтілетін. Осы күні қазақ тіліндегі тұңғыш “Түркістан уалаяты газеті” шыққан.

Алайда бұл мереке 28 маусымға ауыстырылды, себебі БАҚ туралы қазақстандық заң осы күні қабылданды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз