Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Министр Бишімбаев Алматыда қисайып қалған үйге қатысты не деді?

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған барлық көпқабатты үй тексеріліп жатыр.

“Тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл мәселемен жергілікті атқарушы органдар, яғни мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауындағылар айналысып жатыр”

деді ол.

Еске салайық, Алматыда жаңадан салынған үйдің тұрғындары түнде эвакуацияланған болатын. ТЖ Алатау ауданындағы Алғабас ықшамауданында (Момышұлы және Ақын Сара көшелерінің қиылысы) болды. Тұрғындардың айтуынша, толастап жауған жаңбырдан үйдің жертөлесіне су толып қалған. ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, үй астындағы жер отырып қалған және содан үй қисайған. Бұл үйде шамамен 200 адам тұрады. Түні бойы оқиға орнында қалалық жедел қызмет өкілдері кезекшілік етті.

“Астана құрылыс” компаниясының бас директоры Бекболат Амантурлин Алматының Алғабас ықшамауданында орналасқан тұрғын үйдің қисаюына қатысты пікір білдірген еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз