Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Меруерт Өтекешова: “Тұңғышбай, сенімен бір курста оқығаныма өкінемін”

509

Алдымен Жаманқұловты Асанәлі Әшімов сынға алды. Артынша өнердегі тағы бір әріптесі, әйгілі Қыз Жібек, Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешова жерден алып, жерге салыпты. 

“90 жылдары, әлгі қиын кездерді айтам, өнерге қол созған, көмек көрсеткен адам кім, білесің бе соны? Президент! Елбасымен кездескен кезде мен одан: “Сіз барлық іске көңіл бөлетін күш-қуатты қайдан аласыз? Таңертең бір жерге асығып бара жатсаңыз, кешке басқа бір жиында отырасыз. Түнде де жұмыс үстіндесіз. Күні-түні таусылмайтын ресми кездесулер де қаншама” деп сұрадым. “Күш-қуатты мен сіздерден, мәдениет пен өнердің адамдарынан аламын. Халықты тәрбиелейтін, оларға мәдениет нұрын себетін мына сіздерсіздер” деген еді сол жолы Президент. Ал қазір біз не істеп жатырмыз? Мұнымыз айтуға ұят масқара  жағдай ғой. Тұңғышбай, сен мені кешір. Иә, бірге оқыдық.  Бірақ, кей кездері сенімен бір курста оқығаныма өкінемін. Бұлай деп айтудың өзіне ұяламын” деді Меруерт Өтекешова.

Әзір Жаманқұлов жалғыз қалғандай. Әліптің артын бағайық. Жаманқұлов өзіне қарата айтылған сынды жауапсыз қалдырмайтыны белгілі…

534189

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз