Жуырда Мәскеуде ұсталып, үй қамаққа алынған қазақстандық банкир Жомарт Ертаев сотта сөз сөйлеп, қазақ ұлтшылдары тарапынан қоқан-лоқы көріп жүргеніне шағымданды.
Ол өзіне жасалған бұл қысымды телеиндустрия саласындағы қызметімен байланыстырады деп жазды “Коммерсант” басылымы.
“Олар Қазақстанның телекоммуникация нарығынан Ресейді ысырып шықпақшы. Егер қазір біз ТНТ арнасын жоғалтсақ, онда қазақстандықтардың келесі ұрпағы түрік сериалдарынан тәрбие алатын болады”,
– дейді банкир.
Осылайынан ағынын жарылған банкирдің ойынша, қазақ жастарына Ресейдің антибатыстық идеологияға толы телебағдарламаларынан гөрі түрік сериалдары аса қауіптірек-мыс.
https://kaz.365info.kz/aza-ltshyldary-bilikke-kelse-ne-zgeredi-217435
Сондай-ақ ол сотта өзінің ұсталуына экономикалықтан гөрі саяси себеп басым екенін де айтты.
Айта кетейік, Жомарт Ертаев біраз уақыт бұрын Альянс-банк пен Еуразиялық банктерді басқарып келген болатын. Ол Bank RBK мен Qazaq Banki компанияларында директорлар кеңесінің кеңесшісі қызметін де атқарған. Сонымен қатар, “Алма-ТВ” компаниясының бас директоры еді. Қазақстандық құқық қорғау органдарының сұранысымен Ертаев 8 мамыр күні Мәскеуде ұсталды.
https://kaz.365info.kz/arman-shoraev-khazakh-yltshyldygyn-khybyzhykh-etip-korsetudin-khazheti-zhokh-251590