Елордалық полицейлер Астана тұрғынынан зардап шеккен жүргізушіні тапты.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Әлеуметтік желіде осыған дейін бір жігіттің қарт жүргізушіні аяусыз ұрып-соққан видеосы пайда болған еді. Өткен аптада полиция соққы жасаған 23 жастағы жігітті ұстаған. Бүгін полициядағылар зардап шеккен ер адамның да табылғанын хабарлады.
https://kaz.365info.kz/ket-ke-ashulan-an-zhigitter-snegurochkany-sabap-tastady-243968
“Жедел іздестіру кезінде Астанадағы Абай көшесінің бойында соққыға жығылған жүргізуші ер адам анықталды. Алайда жәбірленуші полицияға арыз жазудан бас тартып, жігітке ешқандай да шағымы жоқ екенін мәлімдеді”, – деп хабарлады Астана қалалық ІІД-нің өкілдері.
Сөйтсек, жәбірленуші қарт емес, 34 жастағы ер адам болып шықты. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Қазіргі уақытта ол елордада тұрып жатыр екен.
Полицияда жәбірленуші 23 жастағы жігітпен жолға таласып қалғандықтан жанжалдасқанын айтқан.
Еске сала кетейік, жақында әлеуметтік желілерде және Instagram желісіндегі парақшаларда ел өңірлерінің бірінде түсірілген видео пайда болған еді. Видеодағы кадрлардан ер адамның тал түсте өзінен үлкен ер адамды ұрып жатқанын көруге болады.