Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Мен шынын айтайын ба? – ауыл мұғалімінің ашық әңімесі

146

Біздің күн таңғы кофе мен жұмысқа дайындалудан басталады. Ауылда өмір сүру үшін өзіңнің шаруашылығың болуы керек. Таңғы сағат 6-да тұрып, үй шаруасына кірісесің. Аяқтағаннан кейін, өзіңді қалыпқа келтіріп мектепке кетесің. Мектептегі жұмыс біткеннен кейін, үйге келіп қағаз толтыруға уақыт жоқ. Даладағы жұмыс толып жатыр. Сол себептен түні бойы қағаз толтырып отырасың. Осындай кезде қалалық мұғалімдерге қызғанышпен қарайсың.

Тағы бір мәселе – мектептер. Бір жағынан, қалалық мұғалімдермен салыстырғанда бізде оқушылар саны аз. Бірақ бұл біздің жұмысымызға айтарлықтай ықпал етеді деп айта алмаймыз. Көптеген мектепте, мысалы менің әріптестерімде шағын сыныптар бар. Сабақтар біріктіріліп, екі сыныпта бір сабақ жүргізіледі, сондықтан құжаттарды екі данада жасауға тура келеді.

Шынын айтқанда, қиындық ата-аналарда да бар. Мойындағым келмесе де, қалалық ата-аналар баласын жақсырақ күтеді. Ал бізде ата-аналар баланы мектепке жібереді және сабақ кезінде олар туралы ұмытады.

Оқушылар ең алдымен мұғалімді құрметтеуі тиіс. Бұл бірінші ереже. Шу шығарып, айғайлап, дауыс көтерсең – баланың көзіне түскенің. Олар сізді жақсы сезеді. Әрине, үйге қайтар жолда сіз жергілікті бұзақының әкесін кездестіруіңіз мүмкін. Әрине оған балаланың тәртібін жақсарту үшін қосымша шаралар қолдануын сұрауға болады, бірақ мен олай жасағым келмейді. Шыны керек, ата-аналар жиналысын жүргізген де ұнамайды. Бір нәрсені білемін, ата-ананың көзінше бала әрқашан мінсіз және барлық кінә бізден.

Баламды ауыл мектебіне беремін

Мен болашағымның қалай дамитынын дәл болжай алмаймын. Бірақ қазір мен тек бір нәрсені білемін – менің балам өзім оқыған және жұмыс істеген мектепте оқиды. Неліктен? Себебі барлық қиындыққа қарамастан, ешкім біздей оқушылардың жетістігін бақыламайды. Қалалық мектептерде мұғалімдер оқушыларды тек мектепте көреді. Ал біздің балаларымыз көз алдымызда өседі, олардың ата-ана, туыстарын білеміз, оларды күнде көреміз. Кейін не болатынын білесіз бе? Біз оларды оқытамыз. Баланы ұмытып кете алмаймыз. Оның әрбір жетістігіне қуанып, сәтсіздігіне мұңаямыз. Осы үрдіс өмір бойы жалғасады…

kaz.tengrinews.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз