Мемлекет басшысы «Ядролық қарусыз әлем қалыптастыру» атты халықаралық конференция аясында шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, Елбасы Семей ядролық сынақ полигонының жабылу тарихы туралы әңгімелеп, ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізудің перспективаларына және осы саладағы сын-қатерлерді еңсеруге қатысты өз көзқарасын білдірді.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі өз тәжірибесін ортаға салып, алдағы қарашада өтетін Астана бейбітшілік саммиті мен Ядролық қарусыздану үшін берілетін сыйлықты тағайындау жөніндегі бастаманың жай-жапсары туралы айтып берді.