Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Марапаттауға Универсиада үшін бара алмадым”. Жерлесіміз Арман Асенов «Оскар» алды

111

Бұл туралы Brod.kz порталы жазды.

«Спорттық «Оскар» әлемдік кинемотография саласында белсенді еңбек етіп жүрген спортшыларға, жаттықтырушыларға, каскадерлерге беріледі. Осындай жүлдені тағайындағандарға ризамын, өйткені кино мен спорт белгілі бір өмір сүру образын насихаттайды, қоғамға пайдасы мол. Салтанатты шараға Универсиада үшін бара алған жоқпын, өз елімнің азаматы ретінде мұндай маңызды шарадан бас тарта алмадым. Сондықтан марапаттау салтанатына менің орныма қызым Ариэль кетті. 29 қаңтар мен үшін мереке ретінде есімде қалды: мен спорттық «Оскар» алдым және қысқы ойындардың ашылу салтанатына қатыстым», – дейді Арман Асенов.

Актер – Жауынгерлік өнер Халықаралық академиясы тағайындаған беделді жүлдені иеленген Қазақстандағы алғашқы адам. Жүлдені бұған дейін иеленгендер қатарында Кэри Тагава, Синтия Ротрок, Кевин Сорбо, Саша Митчелл, Джеймс Лью және басқалар бар.

Актер Арман Асенов «Десант», «Степной экспресс», «Возвращение в «А» фильмдері арқылы танымал. Отандастырымызға ол 20 киножобаның продюсері ретінде де таныс. Оның продюсерлік жұмыстарының арасында «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» тарихи драмасы да бар.

Бүгінде продюсер «Республика сарайы» ЖШС директоры қызметін атқарады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз