Аргентина президенті Маурисио Макри және даңқты футболшы Диего Марадона Лионель Мессиден ұлттық құрамадан кетпеуін сұрады.
Бұл туралы Ultimas Noticias басылымына сілтеме жасаған sn.kz сайты хабарлайды.
Даңқты футболшы Марадона да Мессидің ұлттық құрамадан кеткеніне қарсы. Оның пікірінше, Аргентина 2018 жылы Ресейде өтетін әлем біріншілігіне Мессимен бірге барып, жеңімпаз атануы тиіс.
«Команда жарты жолдан берілетін емес, алға басатын ойыншыларға арқа сүйеуі тиіс», — дейді Марадона La Nacion басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, кеше Америка кубогінің финалында Аргентина құрамасы Чилиден жеңіліп қалды. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталған соң, командалар жеңімпазды пенальти сериясы арқылы анықтаған. Аргентина капитаны Лионель Месси өз мүмкіндігін мүлт жіберіп, нәтижесінде Чили футболшылары екінші маусым қатарынан Америка кубогінің иегері атанды. Осы сәтсіздіктен кейін Месси ұлттық құрамадағы жолын аяқтайтынын мәлімдеді.