Әр адамның қайталанбас саусақ ізі болады. Алайда жер бетінде саусақ ізі жоқ адамдар да бар.
2007 жылы дерматолог Питер Итинге саусақ ізі мүлде жоқ әйел қаралады. Оның алақаны теп-тегіс болған. Бұған дейін дәрігерлер саусақ ізсіз туатын адамдар жайлы естіген. Ол уақыттарда бұл гендік ауытқушылық Франческетти-Ядассоа-Негели синдромы деп аталып келді. Оған таз бастылар мен терісі құрғақтар да жатады.
Алайда науқас әйелдің денсаулығынан мұндай кінәрат табылған жоқ. Дәрігерлер зерттеу жүргізе бастады. Ақырында бұл әйелдің отбасында тағы 8 адамның саусақ ізі жоқ екені анықталды. Тұқымдағы бұл ауытқушылық адерматоглифия деп аталды.
Адерматоглифияға шалдыққан адамдардың денесіндегі тор қабаты да аз болатынын анықталды. Бірақ олардың денсаулығы шағымы жоқ.
Саусақ ізі жоқ адамдарың кезігетін қиындығы шетелге шығатын жағдайда туады. Олар шекарадан саусақ ізін тапсыра алмайды.