Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Маған жала жауып жатыр”. Сағадиев зиялы қауымнан арандатуға ермеуді сұрады

Кеше ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен жоғары және одан кейінгі оқу орындарындағы мамандықтар тізімінен “Қазақ тілі”, “Қазақ əдебиеті”, “Қазақ тарихы”, “Лингвистика”, “Шығыстану” сияқты мамандықтар алынып тасталынды деген ақпарат тарады. Білім және ғылым министрлігі “Қазақстан Республикасындағы жоғарғы және жоғарғыдан кейінгі білім беру мамандықтарының классификаторы” деген құжатының жаңа нұсқасын биылғы 1-ақпаннан бастап қолданысқа енгізді.

Аталған құжаттың «Бакалавриат мамандықтары» деген бөлімінде қазақ тілі және қазақ әдебиеті мамандығы атымен жоқ. Оның орнына “Мұғалімдерді тілдер мен әдебиет бойынша даярлау” (Подготовка учителей по языкам и литературе) деп жазылған.

Сағадиев жетекшілік еткен министрлік қазақ ұлтын, тілін жоюға бағытталған бастамасына наразылық білдірген еліміздің бір топ ғалымы Марат Тәжин, Гүлшара Әбдіқалықова мен Бақытжан Сағынтаевтың атына хат жолдаған болатын.

“Бұдан зердесіз жаңалық мен естіген жоқпын. Кез келген мұндай шешімдердің күші жойылады. Алаңдамаңыздар. Арандатуға ермеңіздер. Бұл мүмкін емес. Ол болмайды”

, — деді бүгін Ерлан Сағадиев парламентте журналистерге.

Министр бұл бұйрық туралы естімегенін айтты.

“Түрлі алыпқашпа әңгіме болады. Министрлік барлығын ашық істейді. Ең алдымен әр бұйрығымызды педагогикалық қоғаммен, мұғалімдермен, ата аналармен талқылап, сосын бір шешімге келеміз. Сіздер айтып отырған мәселені мен естіген емеспін” — деді Ерлан Сағадиев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз