Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатына түскен балалар үшін Астанадан дәрігер алдырылды

Жансақтау бөліміне 7, 11, 14 жастағы балалар түсті. 9 жастағы бала травматологиялық бөлімшеге жатқызылды. Оның сол қолы сынған.

Бас дәрігер Кәмшат Тұрсынбекова бір баланың жағдайы өте ауыр екенін айтты.

«14 жастағы баланың жарақаты күрделі – ашық ми жарақаты, миында ісік бар. Жағдайы ауыр, ота жасауды қажет етпейді. Мұны Астанадан келген нейрохирург айтты. Ал 7, 11 жастағы екі балаға ота жасалды. Олар қазір естерін жиды», – деп атап өтті ол.

Еске салсақ, апат жайлы белгілі болысымен балалар ауруханаға жеткізілді. Облыс әкімі Алик Айдарханов медициналық мекемеде болды. Қажетті көмек беруге уәде берді, оның ішінде елордалық дәрігерлерді шақыртты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз