Басынан жаралы адам ауруханаға шұғыл жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы әлі ашық айтылмай жатыр.
Бұл туралы мәлімет “Лада” басылымында жазылды.
24-желтоқсанда сағат 02:30 уақытында облыстық ауруханаға басында жарақаты бар белісіз ер адам шұғыл жеткізілді. Ол Ақтау қаласы 7-ықшам ауданы мекенінен жедел жәрдем көлігімен жеткізілген.
– Зардап шегушінің жасы – 25-29 жас шамасында. Басының оң шекесіне оқ тиген. Ми қабатындағы тері езіліп, шок алып, үшінші деңгейдегі комаға түсіп қалған. Басына қан кету тіркелді. Оны қараған соң бірден ота жасау блогына жөнелттік, – деді облыстық аурухананың шұғыл көмек көрсету бөлімінің бастығы Нәдірқожа Мұсаев.