Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
11
USD
426
+0.01
EUR
495
-0.20
RUB
5.98
+0.03

Ұлыбританиядағы саяси оқиғадан әлемнің 400 ең бай адамы орасан шығынға ұшырады

Әсіресе, Inditex компаниясының негізін құрушы (Zara, Oysho, Massimo Dutti, Bershka, Pull and Bear, Stradivarius секілді брендтер) испаниялық бизнесмен Амансио Ортега қатты зиян шекті. Еуропадағы ең бай адам – Ортега алты миллиард доллар пайдадан айырылып қалды.

Тағы тоғыз адам әрқайсысы миллиард доллардан астам қаражаттан қағылды.

Естеріңізге сала кетейік, 23-маусымда, Ұлыбританияның Еуро одақтың мүшесі болу-болмауын таңдап, халық дауыс берді. Brexit-ті жақтаушылар 51,9 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. Сарапшылар Ұлыбританияның Еуро одақтан шығу процесі кем дегенде бір жыл  алады деп топшылап отыр. Тұманды Альбионда бұл референдумды қайта өткізу бастамасын көтерушілер де бар.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз