Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ұлттық банктің алтын валюта қоры соңғы 4 жылда ең жоғарғы шекті қамтыды

111

Данияр Ақышевтің айтуынша, алтын валюта қорының еселеп өсуі алтындағы активтерді қайта бағалау, сондай-ақ Үкіметтің шоттарына келіп түсетін қаражат есебінен орын алды.

Мәселен, 2016 жылғы маусымда ҚР Ұлттық банктің валюта нарығындағы валютаны сатып алу түріндегі интервенция 2,5 млн АҚШ долларын құрады. “Бұл «іс жүзінде нөлдік мәнді» білдіреді”, дейді Данияр Ақышев.

– Валюта нарығындағы тұрақтылықты атап өткен жөн. Ұлттық Банк өзінің валюта нарығына қатысуын барынша азайтты және теңгенің айырбастау бағамы Қазақстан орталық банкінің қатысуынсыз қалыптасуда, – деп атап өтті ол.

ҚР Ұлттық банктің деректері бойынша, 2016 жылғы ақпан–мамыр айлары аралығында нетто-сату көлемі шамамен 1 млрд АҚШ долларын құрады. Шетел валютасындағы депозиттердің үлесі 2016 жылдың басындағы ең көп – 70 пайыз көрсеткіші 2016 жылдың мамырдың қорытындысы бойынша 60 пайызға дейін төмендеді.

Халықтың салымдары бойынша долларлану деңгейі қаңтардағы 80,4 пайыз көрсеткіштен 70,6 пайызға дейін төмендеді.

Экономикаға бағытталған кредиттердің көлемі жыл басынан бастап іс жүзінде өзгерген жоқ және 2016 жылғы мамырдың соңында бұл көлем 12,4 трлн теңгені құрады. Кредиттеудің негізгі көлемі ауылшаруашылығына, құрылысқа және өңдеу өнеркәсібіне бағытталған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз