Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Лимон бағын” салу үшін ата-аналардан ақша жинап жатыр

Асака ауданының №52 мектеп оқушысының анасы мұғалімдер ақша жинауды тағы бастады дейді. “Менің балам бірінші сыныпта оқиды. Енді бізден мектеп аумағына лимон өсіретін жылыжай салу үшін ақша талап етіп жатыр. Ұлымның мұғалімі бір жапырақ қағаз беріп жіберіпті. Онда 5 мың сум беріп жіберуді сұраған. Біз, ата-аналар президенттің лимон бағы неге мектептің есебінен салыну керек деп таңқаламыз”, – дейді ол.

№59 орта мектеп оқушысының әкесі соңғы айда мектепке 55 мың сум жұмсағанын айтады.

– Олар ата-аналардан Буквар мерекесі үшін 15 мың сум жинады, 8 наурыз деп тағы 15 мың сум алды, мұғалімдерге дастархан жаю үшін деп 5 мың сум алды. Мұнан бөлек ай сайын мектеп қорына 7 мың сум бөлеміз. Енді балаларымыздан лимон бағының құрылысына ақша сұрап жатыр. Не деген шектен шыққандық?!, – деп шағымданады оқушының әкесі.

Мектеп мұғалімі ата-аналардың шағымдарынан кейін, халықтық білім берудің аудандық бөлімшесінің меңгерушісі өзімізден түсініктеме талап етті дейді. “Бастапқыда ауызша бұйрық береді, ақша жинаңдар деп. Кейін жауапкершіліктен қашып, мұғалімдерден түсініктеме алады. Бірақ “бәрібір ақша жинауды жалғастырыңдар” дейді. Соңында әрине барлық жаланы мұғалімдерге жабады”, – дейді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз