Әлихан Бөкейханның құрметіне пошта маркасы шығарылды.
Бұл туралы today.kz хабарлайды.
“Ақ жол” демократиялық партиясының тапсырысы бойынша Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойының құрметіне пошта маркасы шығарылды. Бұл туралы партияның ресми порталы мәлімдеді.
Аталмыш марканың таныстырылымы ертең өтеді. Оған “Ақ жолдың” тапсырысымен осы марканы шығарған “Қазпошта” АҚ-ның қызметкерлері, елімізге белгілі алаштанушылар, жұртшылық өкілдері, БАҚ өкілдері қатысады. Өткізілетін орны: Астана қ., Сарайшық көш.11, “Ақ жол” ҚДП орталық кеңсесі