Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Қытайдың емес, дамыған елдердің технологиясын әкелуіміз керек – Әкім Жанұзақ

265

Жер реформасы жөніндегі комиссияның мүшесі Әкім Жанұзақ Қытай компанияларынан озық технология тартып, кәсіпорын ашқаннан гөрі, әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесіне жүгінген жөн деп есептейді.

– Қытайдың 52 компаниясын әкелiп, кәсiпорын ашамыз дейдi. Олар Африка елдерiнде соңғы 20-25 жылда жұмыс жасады. Ол жерде ешқандай жаңалық жоқ. Көршi халық қой, олармен жақсы жұмыс жасауымыз керек.

Бiрақ Қытайда медицинада үлкен проблема бар. Үш түрлi онкология — асқазан, бауыр, көкбауыр дертi бойынша әлемде ең алдыңғы орында тұр, бұл әрi қарай өсе бередi. Көк шайды бүкiл Еуропалық одақ алты жыл бұрын тоқтатты. Қытайдан ойыншықтарды алуды да тоқтатты. Келетiн технологиялардың түрлi талаптарға сәйкестiгiн бақылауымыз керек, — деді Ә.Жанұзақ.

Ол өзі басқарып отырған институттың соңғы жылдары осы саладағы ұсыныстарына тоқталды.

– 2012 жылы бiздiң институт жоба ұсынған едi. Бұл жоба бойынша ауылға банктер де керек жоқ. «Агроқаржы», тағы басқа ұйымдар тiкелей әрбiр 7200 ауылда отырады. Ол үшiн «Қазақтелекомның» бөлiмшелерiн ашу керек. Сол арқылы кез келген ауылдың тұрғыны тiкелей қаржы институттарымен жұмыс iстеп, инвестиция, субсидия, дотациясын алып тiкелей жұмыс жасай алады, — дейді Комиссия мүшесі.

Жерді игеру үшін әлемдегі дамыған елдердің озық технологиясын әкелу керек, солармен келісімшарттарға отыру қажет деп есептейді ол.

– Бұл жоба бойынша дүниежүзiндегi мықты, соңғы ғасырдағы жаңалықтарды ашқан ғалымдарды әкелуге мүмкiндiк бар. Олармен отыз жылға келiсiмшарт жасадық. Содан кейiн әлемдегi 50 технологиялық ең мықты компаниялардың барлығымен жұмыс істеп, кәсiпорын ашамыз дедiк.

Мысалы, ауылшаруашылығы саласында Ақмола облысынан бастайық, жақсы кластер жасайық. Егер облыс әкiмшiлiгi осы бағытта жұмыс істейтін болса, бiз бәрiне көмектесуге дайынбыз, — деді Әкім Жанұзақ.

Еске сала кетелік, Жер реформасы жөніндегі ұлттық комиссияның көшпелі отырысы кеше Көкшетауда өтті.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз