Астана
Қазір
-6
Ертең
-2
USD
361.15
-4.34
EUR
414.71
-5.64
RUB
5.53
-0.07

«Лада-Гранта ұтып алдыңыз!». Семейде бір жігіт оңбай алданып қалды

Жыл басынан бері Семей қаласының Ішкі істер басқармасына алаяқтық фактісі бойынша 400 арыз келіп түскен. Шағым түсіргендердің 57-сі телефон алаяқтарының құрбаны болыпты.

Бұл туралы AltayNews порталы хабарлайды.

Осы жақында Бөгембайұлы көшесінің 1985 жылы туған тұрғынына ұялы телефон мен «Лада-Гранта» автокөлігін ұтып алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Ал ол сыйлықты алу үшін қайырымдылық қорына ақша аударуы керек екені көрсетіліпті.

Қуанышты хабарға есі кете сенген азамат Әуезов даңғылындағы дүкендердің бірінен терминал арқылы қомақты қаражат салып жіберген.

Полиция қызметкерлері мәселенің рас-өтірігіне көз жеткізбей жатып, естіген әрбір нәрсеге сене бермеуді сұрайды.