Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Күлмеңіз! “Таныссыз” медбикенің айлығы 38 мың теңге

2590

«Мен оны өзім медицинаны оқып, бітірген соң түсіндім», дейді бір жас маман.

Оның аты-жөні мен жұмыс істейтін жері жария болып кетсе – құрығаны. Сол себепті құпия қалсын. Былай дейді:

«Мен оқуға түскенде 33 студент едік… Бірте бірте азайдық. Оқу бітірерде 17 студент болып қалдық. Бірақ қалғандары списокте (тізімде) тұрды. Шыны керек, өзім жан аямай оқыдым, сабақтан қалмайтынмын. Зачет, гос емтихан дегендерді өз біліміммен алып жүрдім. Ал қалған студеттерге келетін болсақ, түк те жандарын қинамай, сабаққа келмей-ақ 4 пен 5-терін алып, зачеттарын жауып кететін. Яғни, келмеген күндерінің «н/б»-сын төлеп, жоя салады. Ақша берсе болды – керек баға қойылады. Бір қызығы, бәрінікі 4 пен 5.

Қарап тұрсаң әділет жоқ. Әділеттен ақша күшті. Сен өліп-өшіп оқып баға аласың, олар жан қинамай алады.

«Жемқорлықтан шаршадық». Соңғы 5 айда Қазақстаннан 40 мың адам кетіп қалды

Содан не керек, оқуды да бітірдік. Мен «қызылға» бітірдім, бірақ жақсы жұмыс таба алмай біраз қиналдым. Себебі, стаж жоқ, опыт жоқ, кем дегенде 1 жыл жұмыс істегендерді аламыз дейді. Бізді жұмысқа алмаса, біз қалай опыт жинаймыз? Ең қызығы,

түк сабаққа келмей, нашар оқыған қыздарымыз өте жақсы клиникаларға жұмысқа кіріп кетті.

Себебі, таныстары бар. Таныс бар жерде жұмыс та бар. Мен жақсы жерге жұмысқа кіре алмай, біраз сандалдым.

Ақыры мемлекеттік емхана жағалап, әйтеуір біреуіне кірдім. Айлығы – 38 мың теңге! (Күлкілі ме?).

Амал не, алғашқы айда осындай айлық алдым. Таң қалмаңыз, таныссыз кірсең сол ғой, ең төменгі жалақыға кіресің. Мүмкін, менен де ақша тіледі ме екен, деп қоям. Кім біледі…?

Себебі менен кейін кіргендерге орын болып жатыр, ал мен кіргенде орын жоқ, осында істей тұр, сосын көреміз деп жылы жауып қойды.

Бұл емханада жүріп, неше-түрліні де көреді екенсің.

Адал жұмыс істеп жүрген біреуі жоқ…

Әйтеуір қағазы толып, жоқ науқас “бар” деп жазылып тұрса болды. Міне, қазіргі медицинаның шын болмысы, нағыз ұсқыны.

Жоғары жақтан біреу келеді екен дегенді естісе болды, демалысқа қарамай шақыртып, есік-тесіктерді жауып, өтірік гүлдер қойып, дым болмағандай бәріміз күліп тұруға мәжбүрміз… Бәрі показуха сияқты ма, қалай өзі?..

«Бұл кошмар қашан бітеді?». Медбике әйелдің шындығы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз