Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Күйіп кеттім!”. Үйлену тойына бұрынғы сүйіктісін шақырған жігітті қалыңдық пышақтап тастады

21-шілдеде бойжеткен 911 қызметіне қоңырау шалып, пышақ жарақатын алған ер адамға шұғыл көмек керек екенін хабарлаған. Алайда ол телефон арқылы оқиғаның мән-жайын нақтыламаған.

Оқиға орнына барған дәрігерлер мен полицейлер 33 жастағы Брэндон Уоткинстің ессіз жатқанын анықтаған. Ал оның маңында стейк қуыруға арналған пышақ жатқан.  Бастапқыда Уоткинстің қалыңдығы ваннада шомылып жатып, ештеңе естімегенін, сосын ғана жігітінің еденде жатқанын байқағанын айтқан.

https://kaz.365info.kz/atasynan-khorkhatyn-khajyn-atasy-pyshakhtap-oltirgen-akherkenin-tuystary-shyndykhty-ajtty-foto-325370

Бірақ полиция үй есігін ешкімнің де бұзып кірмегенін айтқан. Осы кезде Соуза таяуда болған жанжалдан кейін, болашақ күйеуі өзіне қол салған деген нұсқаны айтты: сөйтсе, жұп тойға шақыратын адамдар тізімін жасап жатып, ұрысып қалған көрінеді.

Жаклиннің тағы бір нұсқасы бар – екеуі жанжалдасып қалып, күйеуі өзінен-өзі құлап, пышақ үстіне түскен. Ал одан кейін, Жаклин күйеуінің  қыздармен көп қыдыратынын айтқан.

https://kaz.365info.kz/auyndy-zhinap-otsaj-zhasyryn-kameraga-tysip-khalgan-khajrat-nyrtastyn-ajeli-tagy-da-yyatkha-khaldy-video-325367

Полицейлердің жауап алу кезінде ғана тағдыр жазбаған қалыңдық жігітін қызғаныштан өлтіргенін мойындаған.

Ол Уоткинсті өлтіргісі келмепті, жедел жәрдем келгенге дейін, алғашқы көмек те көрсеттім деп отыр.

Әйел 24-шілдеде 50 мың доллар кепілақы беріп, бостандыққа шығарылды, аталмыш іс бойынша бірінші сот отырысы 1-тамызда өтеді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз