Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Күйеуім тірлігін тез тындырып, ұйықтап қалады. Қалай ләззат алсам екен?»

486

Интернеттен әйел адам төсекте төбеге қарап жатпай, талаптану керек дегенді оқығанмын. Томар құсамай мен де қимылдап, күйеуіме ұнағанын қалайтынмын. Бірақ күйеуім жалпы әу бастан көп аймаламайды, не жылы сөздер айтпайды,

бірден іске кірісіп, өз қалауын жасап, ұйықтап қалады. Менің қалауымды мүлдем ескермейді.

Төсек қатынасы күнделікті бір қалыпта қайталана береді. Күйеуіме айтайын десем, ұяламын. Ашып айтайын десем, дұрыс түсінбей қала ма деп қорқам.

Ләззәт алу үшін бірге эротикалық кино көрейік дедім бір күні.

“Не болды саған? Бұзылайын дедің бе? Басымды ауыртпашы!”, деп ұрсып тастады.

Жай қатынастан рахаттана алмаймын деп айттым тағы бір күні.

“Сен ауру шығарсың онда. Сенің оргазм ала алмағаныңа менің қатысым не, мен кінәлі емеспін”, деп шорт кесті.

Енді ләззәт ала алмаған соң онымен жатқым да келмейді. Бұл түйткілді санасына жеткізе айтып, түсіндіруден қорқамын.

Не істесем болады? Күйеуім мені түсінгісі келмейді. Қалай ләззат алсам екен?

Аяжан Төрехан

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз