Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Күйеуім порно көргіш, жанында жатқан маған қарамайды” — келіншектің мұңы

4292

— Шіркін жастыққа не жетсін. Жас қыз, жас жігіт, ыстық төсек. Неден де болса қайтпайтын кез ғой. Біз міне, елуге келдік. Төсек суыды. Сары қарын әйеліңе баяғыдай күнде көңілің шаппайды. Сыртқа қарап «мөңірейсің» сосын. Көшеде көлбеңдеген әрбір сұлу қатынға, сымбатты қызға «көз сататын» кезге жеттік, деймін, Сабинаны сөзге тартып.

Ол да бір күрсінді:

— Басқаны қайдам, жігітпен менің жолым болмады. Төсегіміз қартаймай жатып суып кетті. Неге екенін айтайын ба? деп көлік жүргізіп келе жатқан маған қарады.

Сабинаның тұратын үйі қала шетінде екен. Біраз уақыт бар. «Айта отыр» дедім.

— Күйеуіммен төсекте өте сирек боламын. Айына ары кетсе, бір рет қана. Оған тұрмысқа шықпай тұрғанда басқаша секілді еді. Қазір өзін өзгеше ұстайды. Үнемі «жұмыстан шаршап келдім», не болмаса «ауырып тұрмын», «көңіл-күйім болмай тұр» деген сылтау айтады. Бір көрпенің астында жатқан соң, секске көңілің шабады. Сүйгеніңнің құшағында бір құмардан шықсам деп ойлайсың. Сондайда денесіне қол жүгіртсем, «сен-ақ қышынып жүреді екенсің, маза берші», деп шоршып түседі. Өкпелеп жастығымды құшақтап теріс қарап жатамын. Бір күні ұятты жинап қойып, күйеуімнен сұрадым: «Сен неге маған дегенде қозбайсың. Әлде, басқа адамың бар ма?». Ол «жоқ» деді. Бірақ бір нәрсені жасырып жүргендей көрінеді. «Шыныңды айтшы, онда неге менімен төсекте болғың келмейді. Әлде ұнамаймын ба?» дедім. Тықақтап сұрап болмаған соң ол бар шындықты жайып салды:

Сөйтсем күйеуім интернеттен порноны жиі көреді екен. «Соларды көріп қызығамын. Тыр жалаңаш әдемі қыздар. Сұрапыл төсек қатынастары. Оңшада соларға қарап отырып, өзімнің ұлы мүшемді уқалап, (онанизммен айналысамын дегені) шауһатты шығарып тастаймын. Жастайымнан интернеттен порно көріп, сондай тірлікпен «айналысып» келемін. Содан болар, төсекте әйелмен жатқанда еш қызығушылығым оянбайды. Порноны көре-көре соған үйреніп кеткенмін. Қазір өкінемін. Тіпті сенің алдыңда төсекте қабілетісіз болып қалғаныма ұяламын. Бірақ порно көріп, онанизммен айналысуды қоя алмай келемін. Мұның қасіреті жаман екен», деді күйеуім.

«Психологқа барайық. Жағдайды айтайық. Бәлкім, көмек болар» деп едім, күйеуім қолын бір сілтеді.

Міне, өміріміз осылай өтіп жатыр. Бала демей-ақ қояйын, ең құрығанда төсекте бір умаждап құмарымды қандырмайды ғой. Осылайша жастық шақтың бар қызығынан қағылып жүріп жатырмын. Кейде подружкаларым күйеулерімен, жігіттерімен төсек қатынасында қалай болғандарын әңгімелеп қалады. Қызығып кетемін. Сондайда менікі не жүріс, не ажырасып, не көңілдес тауып алу керек еді, деп ойлап қоямын, деді Сабина әңгімесін аяқтап.
https://kaz.365info.kz/symyraj-khyz-eken-yzhymyzdy-bastykhtyn-ojnasy-baskharady-259615

Ол түсіп жатқанда «қарындасым, екеуміздің әңгімеміз жақсы жарасады екен. Таңертең апарып, кешке жұмыстан алып қайтып отырайын, ұялы телефоныңды бере ғой», деп едім, Сабина сөзге келмеді.

Арада араласқанымызға бір апта өтпей жатып Сабинаны бір пәтер жалдап, сонда алып бардым. Ол қарсыласпады. Еркектің құшағын дұрыс көрмей, әбден «шөлдеп» қалыпты. Құшағымда балықша тулады. «Төсек қатынасы мұндай керемет болады-ау, сұмдық ләззат аламын деп ойламап едім. Құмарымнан әбден шықтым», деп мені құшақтап жатып алды.

Содан бастап Сабина екеуіміз кәдімгі көңілдеске айналдық. Ол қазір күйеуі жайында айтпайтын болды.

Күйеуі порно көріп, сол «кайфтан» әлі ажырай алмай жүрген көрінеді.

Сабинаның ақ төсін аймалап жатып, «апыр-ай, қазақтың қаншама жас жігіті порно көріп, соның шырмауында қалды. Сондай виртуалды дүниеден кайф аламын деп, төсекте қабілетсіз болып қалып жатыр. Бұл бүгін болмаса ертең ұлтымыз үшін үлкен қауіп-ау», деп ойлап қоямын.

Шындығы солай емес пе? Сіз не дейсіз?

Аян Мырзабек
https://kaz.365info.kz/meni-napsi-khyrtty-boten-erkekpen-bolgan-ajeldin-myny-259968

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз