Айтыстың аққуы атанған Айнұр Тұрсынбаева желіде кезекті жазбасымен бөлісіп, оқырмандарын терең ойға салып қойды. Айтыскер ақын басынан өткен оқиғасын баяндап, желідегілерге өзінің қателігін қайталамауға кеңес берді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Жасымыз 40-қа келіп қалды. Енді осы 40-тан көп өмір сүріп 80-нен асып кетеміз бе, жоқ, 50-ден аса алмай қаламыз ба оны тек білуші бір Алла! Бірақ өмір деген ғажап деп айту маған оңай болмады, ғажап қылу өзіме байланысты екенін ұқтым. Анық көзім жеткен нәрсе, біреуді өз тағдырына кінәлі қылған адамның жолы ашылмайды! Мысалы “күйеуім нашар”, “енем күн бермейді”, “бастығым оңбаған”, “келінім жалқау” деп жан-жағын жау көретін адамға сәтсіздіктер үйір болады… 100 пайыз !
Бұл менің өзімнің үлкен қателігім еді. Тағдырыма жұрттың бәрін кінәлі қыла бердім. Өзім ғана сүттен ақ, тазамын… Және жұртты жақтырмаған сайын мінезім ашуланшақ болып кетті… Жұрттың бәрі “саған не болған” дейтін болды, менен алыстай бастады. Сыртымнан өсек көбейді!
Бір күні миыма бір ой сарт ете қалды.”Тәәәк, маған неге ылғи нашар адамдар жолығады осы, неге мен жұрт сияқты жарқырай алмай қалдым, неге менің жолым сәтсіз бола берді…” Сол кезде түсінгенім олар емес мен нашар екенмін! Тек қана өзім кінәлімін бәріне деген программаны миыма қойдым. Сол сәттен бастап өмір өзгерді. Адамдар да өзгерді, достар да көбейді, көңіл-күйім де өзгерді.
Өмірде ең қиыны өзіңді өзгерту. Ашуланатын кезде өзіңізді тоқтатып үйренсеңіз ақырында ашуланатын адам таппай қаласыз. Жек көретін адамның да жақсы жерін тауып мақтап үйренсеңіз жаныңызда достар көбейе бастайды… Адамдарға қызғанып емес қызығып қарасаңыз сол қызыққан дүниеңіз көп ұзамай-ақ сізде де болатын болады. Құдайға шүкірлікті көп айтсаңыз нығметтің астында қаласыз! Қанағат еткен сайын адамның несібесі көбейе береді. Жүрегіңізді тыныштандырып үйренсеңіз жүзіңізде нұр пайда болады.
https://kaz.365info.kz/zhyldyz-abdikarimova-khyrbysynyn-tugan-kynine-kyjeuimen-birge-keldi-foto-video-281763
Адамның бетіне қарағанда жымиып қараңыз! Үйден кір киіммен шықпаңыз! Көңіл күйіңіз болмаса көпшіліктің ортасына кірмеңіз! Отбасының құпиясын сыртқа шығармаңыз! Ешқашан, ешкімнің алдында ақталмаңыз! Өмір тамаша достар! Мен сіздерді ерекше жақсы көремін”, – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.