Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-1
USD
488
0.00
EUR
533
0.00
RUB
5.09
0.00

“Крутойға сенбе…”. Димаш Ресейге бекер барды

3664

Неге орысқа танылғымыз келіп тұрады? Одан бізге не пайда? Орыс бізді неғылсын?

Қит етсе, орыстың шоу-байқауларына, түрлі ән-би конкурстарына қатысуға асығып тұрамыз. Орыстың құлдығынан құтылғанымыз кеше ғана емес пе? Біздің шоу-бизнес жұлдыздары алдымен қазаққа ұнауды, қазақтың көңілінен шығуды неге ойламайды, осы?

Күні кеше Қайрат Нұртас «Кремльде ән салу арманым» депті. Оның несі арман? Қай орыстың әншісі Республика сарайында ән салуды армандаймын деп айтыпты.

Бізге Тәуелсіздіктің әр жылы қымбат. Демек, Ресейден барлық жағынан тәуелсіз болу керекпіз. Осыны кім, қашан ұғынады?

Жарайды, Қайрат өз алдына. Ал Мейрамбек ше? Күллі қазақтың сүйікті әншісі де Кремльде ән салуды асқақ арманы санайды. Анығында, біз орысқа ешнәрсені дәлелдеуге тиіс емеспіз.

Біздің шоу-бизнес олардан жоғары болмаса, кем емес. Біздің әншілер орыстың әншілерінен талантты болмаса, талапсыз емес.

Тақырыпқа тұздық…

Желі қолданушысы Руслан Түсіпбековтың ойы біздің пікірімізбен тұстас шыққан екен. Автор, орыстың композиторы Игор Крутоймен бірігіп ән салған Димашқа өкпелеп қалыпты.

“Димаш, сен маған ренжи көрме, бірақ осы Ресейде не басың қалды? Ресейде жетістікке жету сен үшін арман ба еді?

Сен жаһандық деңгейдегі жұлдызсың. Сенің орның Кремльдің сахнасы емес, әсте.

Керісінше, ол жерден қаш. Табаныңды жалтырат. Менің ақылымды тыңдасаң, ендігі жерде Ресейдің ешбір жобаларына қатыспа.

Олар үшін сенің еш құндылығың жоқ. Сенің өнеріңді бағалайтын орта Ресей емес!

Ол жақта не жоғалттың, айтшы? Ресей әлемдік ән өнерінің алтынқазығы деп ойлайсың ба? Жоға!

Сосын, Крутой деген кім? Ешкім де емес. Жаһандық деңгейде елеусіз ғана біреу.  Мұндай ұсақ-түйекке алданба Димаш!

Қазақстанда да қалмай-ақ қой. Алдағы 10-15 жылыңды шетелде өткер. Бағыңды шетел ашсын.

Бізде жүрсең, өсек-аяң, той-томалақтың, саяси науқандардың дырдуына түсіп, деградацияға ұшырайсың. Мұның саған не керегі бар?”, – депті автор.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз