Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Көзіне шөп салған әйелімен қайта қосылған еркек: «Балажандығым жеңді»

1324

Уақыт емші деген бос сөз екен. Уақыт өткен сайын іштегі күйік зорайып, мені жеп қойды. Қарақат та ем болмады. Күннен күнге сола бердім.

https://kaz.365info.kz/khyzdar-ne-tenin-khatynyna-ie-bop-al-dosymnyn-shanyragy-ayakh-asty-ojran-boldy-294302

Шашым түсіп, орны қышып, жаман болды. Не дәрі жақпадым? Түк әсер етпейді. Ақыры қотыр денеме түсті. Осы мүшкіл күйім әсер етті ме, әлде жағдайымның жоқтығынан шошыды ма Қарақат көп тұрмады. Жарты жылдан соң кетіп қалды.

Қатты балажан екенмін. Балаларыммен телефонмен сөйлескен соң тығылып жылап аламын. Екі ұлымды қатты сағындым.

Аулада Вася ағай деген үлкен кісі бар. Гаражда қосылып темекі тартып күн ұзағына сөйлесеміз. Жұмыс жоқ. Мына жаман Аудимен таксовать етемін. Шағын қалада онымен көп ақша таба алмайсың. Әйтеуір бір күндік шай пұлыңды айырасың. Ол да болса қайда жатыр. Не керек, Вася ағай бір күні арқамның қағып, әйеліме қосылуға кеңес берді:

«Мынауың жарамайды, кім қателеспейді бұл өмірде. Қателік деген сабақ алу үшін беріледі. Көзге шөп салған ерунда. Одан да зоры болады. Қайта балаң бар, соған қуан. Әйеліңді кешіруге бала тұрмайды деші. Бала үшін жанын беруге даяр әр адам».

Маған бұл сөз қатты әсер етті. Екеуміздікі де ақымақтық қой, расында. Ол үшін балалар неге бұл өмірде таяқ жеу керек? Содан бәріне қолымды бір сілтедім. Жанарға телефон соқтым. Оралға шақырдым. Келді. Автовокзалдан күтіп алдым. Киноға бардық. Сөйтіп қайтадан Арқалыққа шығарып салдым. Ол осында көшіп келетін болды.

Шұрқырасып қайтадан қосылдық. Екі ұлымның қуанышында шек жоқ. Менің өзім бір өліп, бір тірілгендей болдым. Маған да жан бітті.

Сонда барып өмір сүргім келетінімді сезіндім. Жүрсеңші үйге? Үйге жүр, – деді қуанышын жасыра алмаған досым.

Көзіме еріксіз жас үйірілді.

– Жарайсың-ей, мықты екенсің. Өмірдің сынағы деген осы шығар. Әркімді әрқалай сынайды. Жанболат, сен дұрыс істегенсің, – дедім іштей толқыған мен.

https://kaz.365info.kz/kozime-shop-salgany-azdaj-ajelin-andygan-erkek-15-zhylga-sottalmakh-279702

Үйге кірдік, тамақтың иісі шығады. Аядай екі бөлме. Түпкі бөлмеге кіріп кеткен Жанболат оралған нәрсені алып шығып маған берді. Қолым дірілдеп кетті. Кіп-кішкентай шақалақ. Тағы бір ұлды болыпты.

Үш қызым бар, ұлым жоқ. Бірақ мен ол үшін қатты қапаланбайтынмын. Бірақ бұл жолы бірдеме болды, іштей Жанболатқа қызығып кеттім.

– Міне, жігіт. Менде үш қыз, сенде үш ұл бар. Қалай құда боламыз ба, – дедім қалжыңдағандай болып.

– Соны айтсаңшы, соны, – деген Жанболат өз-өзіне дән риза.

https://kaz.365info.kz/kozine-shop-salmapty-ajelin-pyshakhtap-oltirgen-azamat-sot-zalynda-zhylap-zhiberdi-277565

Бибі апай үлкен ұлының қолында екен. Дастарқан басына отырғанда Жанар аяқ-асты Қылқиды сұрай қалмасы бар ма? .. Сасқанымнан: «Өй, жүр ғой, не бай алмайды, не Құдай алмайды» деп қалжыңдаған болдым. Иә, Қылқи досым әлі үйленген жоқ. Ал Жанболатқа тиісетіндей жөні болыпты, енді. Оны екеуіне де айтпадым. Қайтемін бастарын қатырып.

Ал Қылқидың ағайынының оқушы қызы бар еді, сері Жанболат онымен де көңіл қосқанға ұқсайды. Білмеймін, бәріміз оны қаумалағанда, берген жауабы сондай болған. «Е, онда сенікі жөн екен» дедік, не дейміз енді. Ал Жанболат досым серілігін доғарған секілді енді. Әйтеуір қазір отбасымен бақытты. Досыммен қимай қоштасып ауылға тарттым мен де содан кейін…

Әңгіменің басын мына сілтемеден оқи аласыздар.

(Жалғасы мына сілтемеде)

Бауыржан, Торғайдан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз