Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
22
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Көзіне шөп салған әйелімен қайта қосылған еркек: «Бекер кешіріппін…»

412

Қазбаламадым. Той өтті. Жаз бітті. Қызымды Астанаға апарып, жатақханаға орналастырдым. Қайтарда Торғайға емес, Оралға билет алдым. Ойым – досыммен бір жүздесіп қайту.

Кім, кім, бірақ ол келуі керек еді, соған қарағанда бір жайсыз нәрсе болды ма екен? Осы ой досыма қарай жетелей жөнелді. Пойызда қанша телефон шалсам да Жанболатты ала алмадым. Үйін білем ғой, пойыздан түсе салып солай қарай тарттым. Есікті Жанар ашты. Кәдімгідей қуанып қалдым. Сөйтсем Жанболат ауруханада екен. Жүрегінде шуыл бар депті. Салып ұрып ауруханаға бардым. Досымның жағдайы қиын екен…

– Инфаркт алдым. Үйдегілерге айтпадым. Олар жүрегінде шуыл бар деп ойлап жүр.

Қайта мына тіл икемге келгені ғой, – деп жымиғандай болған Жанболаттың түрі әлем-тапырақ.

Ішім бір жамандықты сезді. Емделіп жатқан адамның жан жарасын қозғағым келмеді. Сөзді басқа арнаға бұрып, тез кетуге ыңғайландым. Оны ол ұға қойды:

– Бауке, өзіңе айтпағанда кімге айтамын? Айту керек, ауылдан кеткелі бұл жақтан дос таппадым. Сырласым жоқ. Есік алдына шығып, бір әңгіменің жібін тарқатсақ қайтеді, – деп қиылды.

Мұнда кішкене кезден бірге өскен осы дос үшін келдім емес пе, қалай кетем енді? Аурухана алдындағы орындыққа барып жайғастық.

– Бәрі жақсы негізі. Сен қорықпа, – деп арқамнан қаққан ол сөзін ары қарай жалғады:

– Қайта қосылған соң таксовать деген болмайтын болды. Екі күнде бір түсетін күзетшінің жұмысына тұрдым. Айлығы – 40 мың теңге. Ескі Ауди шағыла берген соң 100 мыңға сата салдым. Үстіне шешемнің жинап жүрген пенсиясынан 100 мың қосып, кредитке көлік алдым. Лада Прирора. Енді бір қаладан екіншісіне қатынайтын болдым. Әрлі-берлі табысым 25 мың теңге. Үнемі бола бермесе де тәуір енді. Күзетімнің жалақысы бар. Әйтеуір отбасымды асырауға жетіп тұрды.

Мағжаным екіден асқанда Жанар жұмысқа шықты.

«Мына балалар өсіп келеді, үлкені ертең-ақ оқуға барады. Тіпті үйленсе мына аядай жатақхана не болады бізге» деді. Расында екі жақтап қимылдамасақ болмайды. Жанардың табысына тиіспей, оны Жилстройға салып жүрдік. Үміт бар, бір үйлі боп қалатын секілдіміз.

Жаңа жыл тақаған кезде жұмыста балалардың кәмпитін таратты. Сменде едім. Тыпыршып отыра алмадым. Тезірек кәмпитті апарып балаларымды қуантқым келді. Демалыс күні, тексеріс келе қалмайтын шығар деп напарнигімнен бір сағатқа сұранып үйге кеттім. Есікті үлкен ұл ашты. Кіре бере: «Шешең қайда» дегеніме ол жауап қатпастан құлаққапты киіп, компьютеріне барып жайғасты. Ортаншы ұлдан сұрадым. – Туалетте шығар, – деді ол.

https://kaz.365info.kz/khyzdar-ne-tenin-khatynyna-ie-bop-al-dosymnyn-shanyragy-ayakh-asty-ojran-boldy-294302

Сыңғырлаған Жанардың күлкісі естілді. Расында, дәретханада екен. Краннан су ағызып іштім. Тексеріс кеп қалар деген оймен кері жұмысқа асықтым.

Туалеттің жанынан өтіп бара жатқанда: «Келсең кел, мен балаларды жатқызып тастайын» деген Жанардың даусын анық естідім. Бір орнымда сілейіп қатып қалдым.

Бірер секундтардан соң асқан бір жылдамдықпен орындықтағы кәмпит салынған пакетімді жұлып алып, есікке тақай бере ортаншы ұлымды сұқ саусағымды бүгіп шақырып алдым. Сөйтіп оған менің келгенімді шешесіне айтпауды бұйырдым.

Есік алдында көлікте отырмын. Жұмыс жайына қалған. «Мүмкін бір құрбысы шығар, мен жоқта қасына алып, әңгіме айтайын деді ме екен» деп өз-өзімді жұбатуға тырыстым. Бірақ арам ой басқа бір кіріп алса қиын ғой. Ақыры күмән жеңді. Сағат кешкі 9 болды, бір уақытта 10 болды. 10-нан кете біздің аулаға бір көліктің жарығы түсті. Қас қылғандай тура біздің подъезге келіп тоқтады. Ішінен ешкім түспеді.

https://kaz.365info.kz/kozine-shop-salgan-ajelimen-khajta-khosylgan-erkek-balazhandygym-zhendi-294377

Рөлде ер адам, одан басқа ешкім жоқ. 5 минуттан соң Жанардың сұлбасы көрінді. Сол көлікке барып мінді.

Жалма жан көлігімді от алдырдым. Іздеріне түстім. Мен ойлағандай олар қонақүйге бармады. Қала сыртына жақын ескі зауыттың бір қалтарысына барып тоқтады. Қарманып, көлік ішінен бір нәрсе іздей бастадым. Доңғалақты кілті түсті қолыма. Есімді бір жинап алайын деп қос қолыммен рөлді құшақтап, басымды төменге салдым. Міне, қызық…

Тулаған жүрек орнына түсті. Бойды кернеген ашудан түк қалмады. Санам шайдай ашылды. Бір салқынқандылық пайда болды. Көз алдыма үш ұлым елестеді. «Ал қазір барып ананың тезересін шағайын. Жанардың масқарасын шығарайын. Одан соң не болады» деген ой тағы бір ойларды қозғап кетті. Бірінші жағдайдан кейінгі менің түрім мынау. Ал балалар ше? Олар мұндайды көтере ала ма? Суицидке барып жүрсе қайтем? Тіпті, ажырасқан күнде үш балаға ана керек қой. Қазір барсам, оның есі шығады. Онсыз да жарты ес боп қалғандай еді.

Енді несі қалады? Басында кешірмеуім керек еді» деп өз ойыммен өзім болып, кеудемді өкініш кернеп отырғанда қарсыдағы ұры көлік қозғалып, жоқ болды.

Өң жоқ, түс жоқ, жұмысыма оралдым.

https://kaz.365info.kz/kete-ber-dejdi-kyjeuimnen-zhylu-kormejmin-kozine-shop-saluga-ozi-itermelejdi-289322

– Келіншегің сағынып қалған ба? Ұзағынан кеттің ғой, – деп қалжыңдады жанымдағы Берік. Мен күлгендей болып, өтірік бас изей салдым. Тіл қатуға шама жоқ. Ол да бірнәрсені сезді-ау: “Мен бас жаққа барып келейін” деп жоқ болды. Сменнен келсем, үйде анам жүр, Мағжанға қарап қалыпты. Қалғанының бәрі сабақта. Мен гүрс етіп төсегіме құлай кеттім. Ұйқы жоқ. Ахлап ары аунадым, ухлеп бері аунадым. Не қыларымды білмеген өз-өзіме қатты ыза болдым. Кешке Жанар келді. Түк болмағандай. Жүзі бал-бұл жанады. Ол одан сайын жынымды қоздырды.

Арада үш күн өтті. Үшінші түні төсекте Жанар мойныма оралып, құшақтай алды. Қолын итеріп жібердім.

– Кетші-ей, – дедім сызданып.

– Кетсең кет, осының миы жұмыс істемейді ғой деймін, бәрін өзі қырып жүргендей, бұлдаңбашы, – деді шақ ете түскен ол. Тағы бірдемелерді айтып жатқан. Естігем жоқ. Кеуде тұсым қатты қызып кетті. Ауа жетпей бара жатқандай тынысым тарылды. Атып тұрып есік алдына қарай жүгірдім. Сыртқа шыққанда ерлі-зайыпты екеу шаң-шұң төбелесіп жатыр екен. Жоғарыдағы Серік секілді. Көз алдым қарауытып кетті. Есімді білмеймін. Бір көзімді ашсам ауруханада жатыр екенмін,- деп Жанболат әңгімесінің бір шетін қайырды.

Бұл хаттың басын мына сілтемеден оқи аласыздар

(Жалғасы мына сілтемеде)

Бауыржан, Торғайдан

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз