Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Көзіне шөп салған әйеліне қайта қосылған еркек: “Әйелім емес, мен екен ақымақ…”

466

Әлгі көлікке мінген Жанар емес, сол Серіктің қатыны екен…

Аңырайып Жанболаттың бетіне қарап қалыппын ғой. «Шыны ма, өтірігі ме, не боп кетті өзі» деп мең-зеңмін. Арқамнан қаққан ол:

https://kaz.365info.kz/kozine-shop-salgan-ajelimen-khajta-khosylgan-erkek-beker-keshirippin-294397

– Басқа түссе қиын ғой. Расында, ол жерде жүрегім дауаламады. Қорқақтық таныттым, шынында. Түгіне қарамай сол көлікке бару керек еді. Сол кезде Қожанасыр досың мынандай күйге түспес пе еді, қалай? Өзімнен де бар енді.

Жанар келді тамақ алып палатаға. Сол айтты.

Сенбедім. Арам ой деген жүйрік қой, шіркін. Өз артын жабу үшін мынаның шайтанилығынан-ай деп ойладым.

«Зауыттың жанынан ұстап алыпты. Қатты сабапты Күләнді. Ол да осы ауруханада жатыр. Соған да тамақ әкелдім. Көрші ғой, мұнда ешкімі жоқ секілді…» – деді Жанар. Оны сынай түскім келді: «Немене басқа жер құрып қалып па» деп дүңк еттім. Қатулы қабағамды көрген ол шошып кетті, сөзді қысқа қайырды: «Қайдан білейін, жетіспей жүрген біреу де…».

Жанар кеткен соң бір медбикеден суыртпақтап әңгіме сұрадым. Шіркін, майын тамызып тұрып түгін қалдырмай айтып берді. Көрші Серікке жаным ашыды. Одан кейін өзімнің жайым есіме түсіп, ал ашулансамшы келіп. Әй, Серіктің қатынын бір аямай сыбап балағаттадым. Не пайда одан? Мына «мотор» кетіп қалды осылай, – деп Жанболат жүрек тұсын ұстады.

– Мәәә, сен де қатырады екенсің-ей. Қойшы, арты жақсы болыпты ғой, әйтеуір, – деген мен «Бір сенімнен кеткен соң, осылай күдік миға «балалап» алады, не жазығы бар мұның да» деп ойладым.

– Бір-екі күнде шығамын. Өткен кездерді еске алып, бір сауналатпаймыз ба, дос, – деді Жанболат серпіліп.

– Қой, түрің мынау, қайдағыны айтады екенсің өзің, – деп тартыншықтай бердім.

– Бұл екінші рет жатқаным ғой. Жүрек кеткен соң мынаған да бірдеме болды. Қайбір желігім қозып тұр дейсің. Сынап көрейін дегем, – деп ол төменгі жағын нұсқап, осында басы бос медбике келіншектер барын да айтып қалды.

Сыр бермесем де менде де есек дәме пайда болды.

https://kaz.365info.kz/kozine-shop-salgan-ajelimen-khajta-khosylgan-erkek-balazhandygym-zhendi-294377

Сіздер дұрыс түсінбей қап жүрмеңіздер. Еркектің бар байлығы сол ғой. Оған тықыр таянса одан өткен қасірет жоқ. Сондықтан досыма осындай қиын кезде таяныш болайын дедім. Не керек, екі күннен соң Жанболат шықты. Ұры құсап, мен тұрмын көшенің бергі қалтарысында. Ақ Лада Прирораның төбесі көрінді. Алдыңғы есікті ашып, қонжия кеттім…

https://kaz.365info.kz/khyzdar-ne-tenin-khatynyna-ie-bop-al-dosymnyn-shanyragy-ayakh-asty-ojran-boldy-294302

Бұл хаттың басын мына сілтемеден оқи аласыздар

 

Бауыржан, Торғайдан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз